Отандық тауарлар Қытай мен Оңтүстік Кореяның нарығына шығады
Қазақстандық өнімдерге Жапония, Вьетнам, Малайзияның да сауда желілері қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы экспортты дамыту тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Шараға Халықаралық кооперативтер альянсының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша басшысы Балу Айер қатысты.
Айта кеткен жөн, бұл ұйым бүгінде 3 миллионнан аса кәсіпорынды біріктіріп отыр. Оның айтуынша, кооперативтік модель кәсіпкерлерге қолжетімді қаржыландыру жүйесін ұсынып, экспорттық шығындарды азайтады.
Балу Айер, Халықаралық кооперативтер альянсының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша басшысы:
- Біз әлемдегі ең ірі 300 кооперативті тұрақты бақылап отырамыз. Олардың жиынтық таза табысы – 2,1 трлн доллар. Қазақстанға сапарымның негізгі мақсаты – Үкіметпен және жергілікті кооперативтермен бірлесе отырып, ел экономикасын дамыту мәселелерін талқылау. Қазақстанның бұл бағытта әлеуеті жоғары. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында кооперация экономикалық өркендеудің басты тетігі екендігін атап өтті.