Қазақстанда алюминий дөңгелек дискілер өндіріледі
Қазақстанда алюминий дөңгелек дискілер өндірілмек.
Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен тиісті меморандумға қол қойылды. Демек елде заманауи жоғары технологиялық зауыт салынады. Америкалық ((Open Element)) Оупен элемент компаниясының бас директоры Мустафа Аккари және кореялық ((Hands Corporation)) Хэндс Корпорэйшн төрағасы Сон Хен Чанпен кездескен Роман Скляр инвестициялық ынтымақтастықпен қатар Қазақстанда алюминий дөңгелек дискілерін өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын құру жобасын жүзеге асыруды талқылады. Шетелдік серіктестер Қазақстанның жобаны жүзеге асыру алаңы ретінде таңдалуы елдегі автомобиль өндірісінің тұрақты өсуімен байланысты екенін атап өтті.