Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің отырысы өтті

Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің кезекті отырысы өтті.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен  келелі кеңесте қаржы секторына қатысты 38-ге жуық мәселе талқыланды. 10-нан астам сұрақ редакцияланып, нақтыланды. Анығын айтсақ, салық құпиясына жатпайтын мәліметтер тізбесін кеңейту, электрондық шот-фактураларды жазып беру тәртібі және басқа да техникалық нормалар талқыланды. Сонымен қатар сұрақтардың жеке блогы олардың инвестициялық нарыққа әсері тұрғысында талдау жасалды.

Дәурен Сәлімбаев, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:

- Қазіргі уақытта бағалы қағаздар бойынша құн өсімі белгілі бір шарттар орындалған жағдайда салықтан босатылады. Салық салудағы негізгі мәселе – бағалы қағаздардың құн өсіміне қатысты. Соңғы үш жылдағы жағдай бойынша, құн өсіміне салық салынбауы үшін бағалы қағаз иесі оны кемінде үш жыл иелігінде ұстауы қажет. Бұл талап, әсіресе борыштық бағалы қағаздарға қатысты қолдануға қолайсыз, өйткені ол бағалы қағаздардың қайталама нарығының дамуына және олармен сауда жасауға кедергі келтіреді.