Түркістан облысында ғылыми-өндірістік зауыт ашылды
Түркістан облысында ғылыми-инновациялық жобаларды өндіріске енгізу жұмыстары басталды.
Осы мақсатта Қазығұрт индустриялық аймағында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті ғалымдарының заманауи газобетон зауыты ашылды. Кәсіпорын автоматтандырылған соңғы технологиялармен жабдықталған. Жылына 75 мың текше метрден астам экологиялық таза, сапалы өнім шығаруға қауқарлы. Сонымен қатар студенттер мен жас мамандардың өндірістік тәжірибеден өтуіне мүмкіндік береді. Кешеннің ашылу салтанаты аясында өндіріс орны мен ірі құрылыс компаниялары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сала мамандарының айтуынша, жоба өңір экономикасына жаңа серпін беріп, индустриялық әлеуетке оң әсер етеді.
Ақынқожа Жәнібеков, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің проректоры:
- Бұл жерде ғылыми зерттеу жұмыстары жалғастырылады. Құрылыстың тиімді, сапалы өнімдерін өндіруге және де біздің студенттеріміз бен магистранттарымызға, докторанттардың жас ғалым ретіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің, тәжірибе өткізудің алаңы ретінде құрылып отыр.