Қазақстан мен Себрия арасында алыс-беріс артты
Қазақ-серб арасында алыс-беріс көбейді.
Былтыр екі мемлекеттің өзара тауар айналымы 107 млн доллардан асты. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен 7 жарым пайызға көп. Қазақстан экспорттаған өнімдердің негізгі үлесі ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Әсіресе қарақұмық, тары, жүгері сияқты дәнді дақылға сұраныс артқан. Экспорттың жалпы көлемі 28 млн долларға жуықтады. Ал Сербиядан шамамен 80 млн доллардың тауары сатып алынған. Оның ішінде күнбағыс тұқымы, темекі шикізаты, қағаз-картон, дәрі-дәрмек сияқты өнім түрлері бар.
2024 Ж 2025 Ж
ТАУАР АЙНАЛЫМЫ $100,1 МЛН $107,7 МЛН
ЭКСПОРТ $15,9 МЛН $28,6 МЛН
ИМПОРТ $84,2 МЛН $79,1 МЛН