Сиыр етін экспорттаушыларға квота беру талабы жеңілдетіледі
Шетелге ірі қара мал етін экспорттау жеңілдейді. Бірақ тауық жұмыртқасын импорттауға алты айға шектеу қойылады.
Қазір елде 70 құс фабрикасы жұмыс істеп тұр. Ішкі нарықты 98 пайызға қамтып отыр. Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен ведомстовоаралық комиссия ішкі нарықтағы бағаның тұрақтануын және елде жеткілікті қор бар екенін ескере отырып картоп экспортына рұқсат берді.