Әлемдік әуе компаниялары билеттердің бағасын көтерді

Әлемдік әуе компаниялары жанармайдың қымбаттауына байланысты әуе билеттерінің бағасын көтеріп жатыр. Еуропадағы керосин екі есе, ал Азияда пайдалану шығындары үш есе қымбаттады. 

Бұл туралы «Рейтер» хабарлады. American Airlines наурыздағы қосымша шығындары 400 миллион долларға өскенін мәлімдеді. Әуе компаниялары үшін бірінші кезекте еңбекақы төлеуге көп қаржы кетсе, екінші орында жанармай. Скандинавиялық SAS әуе компаниясы да рейстерін қысқартуға мәжбүр. Қарулы қақтығысқа дейін жанармай баррелі 90 доллардан аз болса, қазір 200 долларға жеткен.