Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-саттық
Биыл алғашқы екі айда Қазақстан мен Моңғолия өзара 20 млн долларға сауда-саттық жасады.
Былтырғы дәл осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 10 пайызға төмендегені байқалады. Соның ішінде 18 млн доллардан астамы экспортқа тиесілі. Бұл елге кондитерлік өнімдер, темекі, дәрілік заттар, минералды және газдалған сусын сияқты тауар түрлері сатылды. Ал импорт көлемі бір жарым млн доллар шамасында. Моңғолиядан сатып алынған өнімдердің қатарында жылқы еті, бағалы қағаз, жеміс пен көкөніс шырынының үлесі басым. Мұның бәрі екі айдың ғана көрсеткіші. Ал былтыр екі мемлекеттің тауар айналымы 133 млн доллардан асты. Енді тараптар оны үш есе арттыруға ниетті.
2025 ж 2026 ж
қаңтар-ақпан қаңтар-ақпан
ТАУАР АЙНАЛЫМЫ $22,4 млн $20,1 МЛН
ЭКСПОРТ $22,1 МЛН $18,5 МЛН
ИМПОРТ $0,3 МЛН $1,56 МЛН