The New York Times: Ирандағы жағдай Қазақстанға мұнайдан қосымша табыс әкелді

Фото: depositphotos.com

АҚШ пен Израильдің  Иранға  қарсы соғысы әлемдік мұнай нарығына әсер етіп, бағаның күрт өсуіне себеп болған. Осы жағдайдан экономикалық пайда көрген елдердің қатарында Қазақстан да бар.
Бұл туралы The New York Times мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

S&P Global Energy және Argus Media деректеріне сүйенген  The New York Times,  Қазақстанның мұнай экспортынан түсетін кірісі бірнеше миллиард долларға артқанын хабарлады. Бұған мұнай бағасының қымбаттауы мен Парсы шығанағындағы тасымалдың қиындауы әсер еткен.

Сарапшылар негізгі себептердің бірі ретінде Ормуз бұғазы маңындағы жағдайды атады. Бұл бағыт арқылы әлемдік мұнайдың үлкен бөлігі тасымалданады. Дағдарыс салдарынан Ирак, Кувейт, Катар, және БАӘ сияқты елдер  экспорт көлемін қысқартуға мәжбүр болған. Ал мұнайды басқа бағыттармен тасымалдай алатын немесе Парсы шығанағынан тыс орналасқан мемлекеттер ұтып шыққан.

Ал Парсы шығанағынан тыс орналасқан мұнай экспорттаушы елдер, соның ішінде  АҚШ, Норвегия, Бразилия, Ресей және Қазақстанның  мұнай және жанармай экспорты айтарлықтай өскен, жоғары бағадан пайда көрген.

Басылымның талдауынша  Қазақстанның мұнай экспортынан түсетін кірісі бірнеше миллиард долларға өскені көрсетілген. Экспорт көлеміндегі өсім АҚШ пен Ресеймен салыстырғанда аса үлкен болмаса да, Қазақстан соғыстан экономикалық пайда көрген негізгі елдердің бірі ретінде аталды. Бұған әлемдік мұнай бағасының қымбаттауы және Парсы шығанағындағы жеткізу тізбегінің бұзылуы әсер еткен.

The New York Times мәліметінше, әсіресе АҚШ пен Ресейдің мұнай кірісі айтарлықтай өскен. Сарапшылар Ормуз бұғазы ұзақ уақыт жабық қалса, мұнай экспорттаушы елдердің табысы одан әрі артуы мүмкін екенін айтады.