Илон Маск триллионер мәртебесінен айырылды
Илон Маск триллионер мәртебесінен айырылды, деп хабарлайды «24KZ».
Bloomberg агенттігі рейтингінің деректеріне сүйенсек, америкалық кәсіпкер Илон Маск байлығы 118 миллиард долларға азайып, 957 миллиард долларды құрады.
Бұған SpaceX акциялары құнының күрт төмендеуі себеп болды. Жақында компанияның акциялары бір күнде 10 пайызға арзандаған еді.
Бизнесмен триллионер мәртебесінде екі аптаға жетпейтін уақыт қана болды. 12 маусымда Bloomberg Масктің дәулеті оның SpaceX корпорациясының акцияларын алғашқы жария орналастырудан (IPO) кейінгі сауданың алғашқы күнінде-ақ триллион доллардан асқанын хабарлаған болатын.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз