Отыз екі шағын ГЭС салынады
Елде гидроэлектр станциялары көбейеді.
«Қазсушар» кәсіпорнына қарайтын су айдындарында дәл осындай 32 шағын нысан салынғалы отыр. Мұны Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады. Жобалар гидроэнергетиканың әлеуетін арттыруға арналған Жол картасы аясында жүзеге асырылады.
Қазірдің өзінде Қарағанды, Ақтөбе және Абай облыстарында тиісті жобалы-сметалық құжат әзірлеу жұмыстары басталып кетті. Бұл аймақтар үшін жаңа стансалар Самарқанд, Қарғалы және Қаракөл су қоймаларында бой көтереді. Барлық жоба толық жүзеге асырылған соң «Қазсушар» иелігіндегі су айдандарында өндірілетін электр энергиясының жалпы қуаты жылына 30 МВт-қа жетеді. Бүгінгі таңда небәрі 3 гидроэлектр стансасы жұмыс істеп тұр. Олар Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.
Мақсат Ибрагим, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бас сарапшысы:
- Сонымен қатар кәсіпорын тағы 23 жоба бойынша қажетті құжатты әзірлеу үшін есептеулер жүргізуде. Жол картасы аясындағы басым нысандар ретінде Қостанай облысындағы Қаратомар және Жоғарғы Тобыл су қоймалары, Жетісу облысындағы «Аяқ-Құншан» магистральдық каналы және Түркістан облысындағы Үлкен Келес магистральдық каналы айқындалды. Еңбекшіқазақ ауданындағы Үлкен Алматы каналының транзиттік учаскелерінде шағын ГЭС орнату мақсатында «Қазсушар» РМК жеке инвестормен меморандум жасасты.
Энергетикадағы ІРІ ГЭС үлесі 7,5% болды
Отандық энергетика саласында ірі су электр стансаларының үлесі 7 жарым пайыз шамасында.
Бұлар шалғай өңірлерді тұрақты генерациямен қамту үшін маңызды. Өйткені базалық жүктемені үздіксіз қамтамасыз етеді. Сонымен қатар өндірілген электр энергиясының бағасы жылу электр станцияларына қарағанда едәуір арзан. Қазір жалпы қуаты 313 МВт болатын 43 ірі гидронысан жұмыс істеп тұр. Былтыр олар сағатына 1 млрд кВттан астам энергия өндірді. Бұл аз көрсеткіш емес. Енді қолданыстағы келісімшарттар негізінде 2030 жылға дейін 660 мВт-ты іске қосу көзделіп отыр. Олар оңтүстік және шығыс өңірлерге тиесілі болады.
Өзен-көлдің жай-күйін болжаудың озық жүйесі
Мамандар жылдың 4 мезгілінде өзен-көлдердің жай-күйін болжау үшін цифрлық бастамаларға иек артады.
Жауапты министрлік БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен бірлесіп, TALSIM-NG неміс бағдарламалық кешенін Қазақстанның климатына бейімдеп жатыр. Бұл жүйе қар түсімі мен еруін, ағыс қарқыны мен бағытын, су қоймаларының толу деңгейін, сондай-ақ тасқын қаупін есептейді. Ол «Қазгидрометтің» гидробекеттеріндегі деректі өңдеп, әрі қарай талдау мен шешім қабылдау үшін болжам қалыптастырады. Сонымен қатар мамандар осы жүйені Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі әзірлеген Tasqyn жүйесімен байланыстыруға кірісті. Яғни неміс бағдарламалық кешені су айдындарының жай-күйін болжауға көмектеседі, ал Tasqyn жүйесі сол мәліметтер негізінде табиғи апат жайлы ескерту және жедел әрекет етуге қолданылады.
Қайратғали Хайрулла, «Су ресурстары ақпараттық- талдау орталығы» кеақ басқарма төрағасы
- Мемлекеттік органдармен бірлесіп атқарылатын жұмыс. Оның ішінде ТЖМ, Экология министрлігі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Су ресурстары және ирригация министрлігі. Сондағы барлық білікті маман бірлесіп, өткен жылдан бастап "Тасқын" жүйесін енгізіп келеді. Бұл жерде Қазгидрометтің болжамдары кіреді, Қазақстан территориясына бейімделіп жатқан TALSIM еуропалық шешімдерді адаптация жасап жатырмыз.
Су саласына ₸400 млрд инвестиция тартылды
Былтыр су саласының негізгі капиталына шамамен 400 млрд теңге инвестиция тартылды. "Қазсушардың" мәліметінше, бұл жоспарланған межеден 22 пайызға көп. Егін алқаптарына су үнемдеу технологияларын енгізу нәтижесінде 874 млн текше метр су үнемделген. Сонымен қатар 73 елді мекен алғаш рет орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылды.
«Қазсушар» иелігіндегі су айдандарында өндірілетін электр энергиясының жалпы қуаты жылына 30 МВт-қа жетеді. Бүгінгі таңда небәрі 3 гидроэлектр станциясы жұмыс істеп тұр. Олар Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.
Мақсат Ибрагим, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бас сарапшысы:
- Сонымен қатар кәсіпорын тағы 23 жоба бойынша қажетті құжатты әзірлеу үшін есептеулер жүргізуде. Жол картасы аясындағы басым нысандар ретінде Қостанай облысындағы Қаратомар және Жоғарғы Тобыл су қоймалары, Жетісу облысындағы «Аяқ-Құншан» магистральдық каналы және Түркістан облысындағы Үлкен Келес магистральдық каналы айқындалды. Еңбекшіқазақ ауданындағы Үлкен Алматы каналының транзиттік учаскелерінде шағын ГЭС орнату мақсатында «Қазсушар» РМК жеке инвестормен меморандум жасасты.
Энергетикадағы ІРІ ГЭС үлесі 7,5% болды
Отандық энергетика саласында ірі су электр стансаларының үлесі 7 жарым пайыз шамасында.
Бұлар шалғай өңірлерді тұрақты генерациямен қамту үшін маңызды. Өйткені базалық жүктемені үздіксіз қамтамасыз етеді. Сонымен қатар өндірілген электр энергиясының бағасы жылу электр станцияларына қарағанда едәуір арзан. Қазір жалпы қуаты 313 МВт болатын 43 ірі гидронысан жұмыс істеп тұр. Былтыр олар сағатына 1 млрд кВттан астам энергия өндірді. Бұл аз көрсеткіш емес. Енді қолданыстағы келісімшарттар негізінде 2030 жылға дейін 660 мВт-ты іске қосу көзделіп отыр. Олар оңтүстік және шығыс өңірлерге тиесілі болады.
Өзен-көлдің жай-күйін болжаудың озық жүйесі
Мамандар жылдың 4 мезгілінде өзен-көлдердің жай-күйін болжау үшін цифрлық бастамаларға иек артады.
Жауапты министрлік БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен бірлесіп, TALSIM-NG неміс бағдарламалық кешенін Қазақстанның климатына бейімдеп жатыр. Бұл жүйе қар түсімі мен еруін, ағыс қарқыны мен бағытын, су қоймаларының толу деңгейін, сондай-ақ тасқын қаупін есептейді. Ол «Қазгидрометтің» гидробекеттеріндегі деректі өңдеп, әрі қарай талдау мен шешім қабылдау үшін болжам қалыптастырады. Сонымен қатар мамандар осы жүйені Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі әзірлеген Tasqyn жүйесімен байланыстыруға кірісті. Яғни неміс бағдарламалық кешені су айдындарының жай-күйін болжауға көмектеседі, ал Tasqyn жүйесі сол мәліметтер негізінде табиғи апат жайлы ескерту және жедел әрекет етуге қолданылады.
Қайратғали Хайрулла, «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы:
- Мемлекеттік органдармен бірлесіп атқарылатын жұмыс. Оның ішінде ТЖМ, Экология министрлігі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Су ресурстары және ирригация министрлігі. Сондағы барлық білікті маман бірлесіп, өткен жылдан бастап "Тасқын" жүйесін енгізіп келеді. Бұл жерде Қазгидрометтің болжамдары кіреді, Қазақстан территориясына бейімделіп жатқан TALSIM еуропалық шешімдерді адаптация жасап жатырмыз.
Су саласына ₸400 млрд инвестиция тартылды
Былтыр су саласының негізгі капиталына шамамен 400 млрд теңге инвестиция тартылды. "Қазсушардың" мәліметіне қарағанда, бұл жоспарланған межеден 22 пайызға көп. Егін алқаптарына су үнемдеу технологияларын енгізу нәтижесінде 874 млн текше метр су үнемделген. Сонымен қатар 73 елді мекен алғаш рет орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылды.