Қазақстан - Фарер аралдары матчына Эстония төрешілері қызмет көрсетеді
УЕФА Ұлттар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші тур аясында өтетін Қазақстан мен Фарер аралдары құрамалары арасындағы матчқа төрешілерді тағайындады.
Кездесуді эстондық мамандардан құралған төрешілер бригадасы басқарады.
Алаңдағы бас төреші қызметін Кристо Тохвер атқарады. Оған Силвер Кыйв пен Сандер Сага көмек көрсетеді. Қосалқы төреші Карл Коппель болады.
Бейне қайта қарауларға Марко Лийва мен Юрий Фришер жауап береді. Осылайша алдағы матчтағы төрешілер құрамының барлығы Эстония өкілдерінен жасақталған.
Ойын 6 қазанда Астанадағы «Астана Аренада» өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша 19:00-де басталады.
prosports.kz