БЖЗҚ жаңа әдістемесі: жинағын пайдалана алатын азаматтар саны 16 есе азайды

Фото: depositphotos.com

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, жаңа әдістеме бойынша есептелген ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар азаматтар саны 30 мыңнан сәл асады, деп хабарлайды «24KZ».

Қордың мәліментінше  2026 жылғы 5–10 маусым аралығында тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша 52 өтініш орындалған.

БЖЗҚ дерегінше, 2021 жылдан 2026 жылдың 31 мамырына дейін шамамен 1,5 млн адам зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігін пайдаланған. Оның 950 мыңға жуығы қаражатты тұрғын үй сатып алуға, ал 570 мыңнан астамы ем алуға жұмсаған.

Осы кезеңде жалпы 5,8 трлн теңге алынған. Оның 4,8 трлн теңгеден астамы ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын қаражат. Тұрғын үйге 4,8 трлн теңге, емделуге шамамен 1 трлн теңге бағытталған.

Әдістеме өзгергенге дейін ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинағы бар азаматтар саны шамамен 500 мың болған. Жаңа есептеу тәртібінен кейін бұл көрсеткіш 16 еседен астам азайып, 30 мыңнан сәл астам адамды құрады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз