Жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайтуға бағытталған бағдарлама

Елде жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайтуға бағытталған бағдарлама іске қосылды.

Құны 4 миллион еуро болатын бастаманы Еуропалық одақ, БҰҰ Даму бағдарламасы және Қазақстан Үкіметі бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Жобаның мақсаты – жергілікті институттардың әлеуетін нығайту, азаматтардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуын кеңейту және жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру. Бағдарламаның тиімділігін арттыру үшін осы уақытқа дейін қол жеткізілген нәтижелер ескерілген.

Катаржина Вавьерниа, Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының тұрақты өкілі:

- Біз көздеген мақсат үлкен. Негізгі бағытымыз әкімдіктер мен мәслихаттарды азаматтармен және азаматтық қоғам өкілдерімен тығыз жұмыс істеуге итермелеу. Сондай-ақ біз халықпен де етене жұмыс істеп, олардың маңызды шешім қабылдауға өз үлесін қосуына мүмкіндік беру.