Қостанай облысына мол инвестиция тартылады
Қостанай облысының 90 жылдығына орай ауқымды инвестициялық форум өтті.
Бизнес-серіктестерді тарту, өнеркәсіптік кооперация және өңір экономикасының одан әрі дамуын айқындайтын жаңа жобалар талқыланған жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен кәсіпкерлер мен шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жаңа инвестициялық жобалардың жүзеге асуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді.
Автобөлшектер шығаратын бұл зауыт индустриялық аймақта салынды. Жоба өңірдің машина жасау саласын дамытуға бағытталған. Инвестициялық форум көрмесінде жеңіл, мамандандырылған және ауыл шаруашылығы техникасының үздік модельдері таныстырылды.
Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:
- Өз сөзімді Президентіміздің облыс мерейтойына арнайы жолдаған құттықтауымен бастағым келеді: «Қадірлі қауым! Сіздерді Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Қостанай – ырысы мол, ынтымағы жарасқан қастерлі өлке. Осы уақыт аралығында өңір өсіп-өркендеп, астықты аймаққа айналды. Береке мен бірліктің, келісім мен татулықтың алтын бесігі ретінде танылды.
Машина жасау, металлургия, агроөнеркәсіптік кешен және жаңартылатын энергетика салаларында облыста ондаған жобалар іске асырылуда. Тек автомобиль саласында ғана инвестицияның жалпы көлемі 350 миллиард теңгеден асты.
Андрей Лаврентьев, Қазақстандық Allur автомобиль компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы:
- Бірнеше жыл бұрын біз Қазақстанда көлік шығару мүмкіндігі туралы айтқан болатынбыз. Енді әңгіме өз компоненттерімізді, технологияларды, инженерлік құзыреттіліктер мен ел ішінде толыққанды өндіріс туралы болып отыр. Біздің Allur қуаттылығы, Қостанайда, жылына 200 мың автокөліктен асады.
Форумға қатысушылардың пікірінше, өңірде ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға барлық жағдай жасалған. Бұл дамыған көлік желісі, жаңғыртылған әуежай, логистикалық инфрақұрылым, ең бастысы - инженерлік кадрлар. Өңірдің экономикалық өсімі де жоғары.
Қырмызы Жаңбыршина, Еуразиялық банк ҚОФ директоры, форум қатысушысы:
- Біздің аймағымыздың экономикалық өсуі 8,2 пайызды құрайды екен. Бұл республикада 6,5 болса, бірнеше есе жоғары болып отыр.
Инвесторлар үшін өңірде заманауи энергетикалық инфрақұрылым қалыптастырылуда. Таяу жылдары мұнда қуаттылығы гигаваттан асатын еліміздегі ең ірі жел энергетикалық жобалардың бірін іске асыру жоспарланып отыр. Бұл жаңа өндірістерді тұрақты электрмен жабдықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өндірістердегі өнім өндіру де жаңа деңгейге көтерілген.
Құдірет Шамиев, «Еуразиялық топ» ЖШС бас директоры:
- Ол кен орындарында да жаңа өндіріс әдістері, жаңа технологиялар бар. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы айтып кеткендей, цифрландыру әдістерін енгізіп жатырмыз. Осы бағытта үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.
Инвестициялық форум Қостанай облысының тоқсан жылдығына орай өңірде өтіп жатқан ауқымды шаралардың бірі болды. Мерекелік шара қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертке жалғасты.
Авторлары: Серік-Ибраһим Орынбек, Сергей Трахтенберг