Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы әуе рейстері аптасына 70-ке дейін артады

фото: depositphotos.com

26 тамызда Эр-Рияд қаласында Қазақстан мен Сауд Арабиясының үкіметтері арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды 24KZ.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, құжатқа қол қою азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны нығайтып, екі ел арасында тұрақты әуе қатынасын дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы көлік вице-министрі Талғат Ластаев және Сауд Арабиясы Корольдігінің Азаматтық авиация жөніндегі бас басқармасының президенті Сүлейман бин Ахмед Альбассам қатысты.

Аталған келісім сауда-экономикалық және іскерлік байланыстарды одан әрі дамытуға, инвестициялар тартуға, сондай-ақ туристік және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Қол жеткізілген уағдаластықтар аясында тараптар тұрақты рейстердің рұқсат етілген санын аптасына 28 рейстен 70 рейске дейін ұлғайтты, — деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде әуе тасымалдаушылары Астана мен Эр-Рияд арасында тікелей тұрақты рейстер ашуды, сондай-ақ Сауд Арабиясының басқа қалаларына орындалатын бағыттардың санын арттыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: