Шаруалар 7,7 млн тонна астық бастырды
Қазақстанда егін жинау науқаны қарқын алды.
Қазірдің өзінде 5,5 млн гектар дәнді дақыл жиналған. Бұл жалпы алқаптың 35,5%-ына тең. Шаруалар 7,7 млн тонна астық бастырып үлгірді. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе көп. Орташа өнімділік гектарына 14 центнерді құрап отыр. Астық сапасы да жоғары: қабылданған жұмсақ бидайдың 78%-ы үшінші, 14%-ы төртінші сыныпқа жатқызылды. Оның жартысынан көбінде, яғни 56%-ында глютен мөлшері 28%-дан жоғары. Егін науқанының үздіксіз жүруі үшін өңірлерге 401 мың тоннадан астам дизель отыны бөлініп, оның 143 мың тоннасы шаруаларға жеткізілді.