Ауғанстанға күріш экспорты ұлғайды

Ауғанстан қазақ күрішін көптеп сатып ала бастады. Жалпы биыл қаңтар-маусым аралығында елдегі кәсіпорындар 111 мың 600 тонна күрішті ақтап, саудаға шығарды. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 26,5 пайызға артық.

Оның 76 мың 300 тоннасы экспортқа шығарылды. Импорттаушылар қатарында Ауғанстанның үлесі 21 есе өсті. Ауған елі 17 мың тоннасын сатып алды. Сондай-ақ Ресей мен Тәжікстанның әрқайсына 16 мың тоннадан аса, ал Өзбекстанға 7 мың тоннаға жуық күріш жөнелтілді. Алғашқы бестікке 4 мың тоннадан астам дақыл импорттаған Әзербайжан да енді. 

Сондай-ақ оқыңыз: