Астанада көмір қанша тұрады және оны қайдан сатып алуға болады?

Фото: depositphotos.com

Астана қаласының әкімдігі елорда тұрғындарға арналған көмір сату орындары мен бағаларын жариялады, деп хабарлайды «24KZ».

Қалада көмір сататын 14 орын мен 10 қойма жұмыс істейді. Барлық нысан қажетті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен жабдықталған. Бүгінгі таңда бұл саламен 8 компания айналысып отыр.

Көмірдің орташа бағасы:

·         Шұбаркөл — тоннасына 19 500 теңге;

·         Қаражыра — тоннасына 18 800 теңге;

·         Майкүбі — тоннасына 16 800 теңге.

Көмір сату орындарының мекенжайлары:

·         Герцен к-сі, 4/1, 6/2, 6Б;

·         Көктал к-сі, 28, 28/2;

·         Мақат к-сі, 4/1, 40;

·         Жамбыл Жабаев к-сі, 76;

·         Дулатов к-сі, 182/1;

·         70-проезд, № 9А;

·         ЖЭО-2 аумағы;

·         101-көше, 30Б;

·         Литейная к-сі, 44.

Тұрғындар көмір қоры, бағасы және оның қолжетімділігі туралы барлық ақпаратты 109 нөмірі арқылы жедел біле алады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: