Доллар бағамы төмендеді
Доллар арзандады. Қазақстандық қор биржасындағы орташа бағамы 439 теңге 37 тиынды құрады. АҚШ валютасы теңгеге шаққанда 1 теңге 83 тиынға төмендеді, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл 2024 жылдың мамыр айынан бергі минималды көрсеткіш. «Валюта нарығында кейінгі аптада теңгенің нығаюы анық байқалады», - дейді сарапшылар. Әзірге Ұлттық банк 29 қыркүйекке белгілеген ресми бағамда 1 доллар 441 теңге 77 тиынды құрайды. Сондай-ақ бүгін еуро 502 теңге 38 тиын, Ресей рублі 5 теңге 23 тиынға дейін төмендеді. Қытай юані 65 теңге 83 тиын шамасында өзгеріссіз қалды.