Бағалы металдар бағасы құбылып тұр

Бағалы металдар бағасы құбылып тұр. Алтынның троя унциясы 4029 долларға саудаланды. Бұған дейін 40 доллардай түскен еді. Бағалы металдың нарқы 3 айда бұлай құлдыраған емес.

Ал күміс шамамен 1 пайыз арзандап, троя унциясы 54 долларға сатылды. Платинаның құны 1,64 пайыз төмендеп, 1569 долларға бағаланды. Бағалы металдар бағасының құбылуына мұнай нарығының әсері бар. Қара алтын арзандамай, Федералдық резерв жүйесі базалық мөлшерлемені түсірмейді. «Демек, бағалы металдарға сұраныс әзірге арта қоймайды», - дейді сарапшылар.  

Сондай-ақ оқыңыз: