Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстары жаңа деңгейге көтеріледі

Фото: ЖИ

Қазақстанда алдағы үш жылда 100 мың шаршы шақырым аумақта геологиялық барлаудың 20 жобасы жүзеге асырылады. Сонымен қатар елімізде алғаш рет 1:50 000 масштабтағы геологиялық түсірілім басталып, жер қойнауы туралы деректерді цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан айтты.

Алдағы үш жылда 100 мың шаршы шақырым аумақта 20 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Дәстүрлі әдістермен қатар, жасырын кен орындарын анықтау үшін Ionic Leach технологиясы, геологиялық деректерді талдау үшін жасанды интеллект, спутниктік деректер мен дрондар қолданылады, — деді вице-министр. 

Иран Шарханның сөзінше, биыл 7 перспективалы нысан туралы алдын ала деректер алынған, оларды келесі жылы аукционға шығару жоспарланып отыр.

Сонымен қатар саланы ауқымды цифрландыру жүргізіліп жатыр. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында 70 мыңнан астам геологиялық есеп пен 109 мың аумақ контуры орналастырылған, бастапқы геологиялық ақпараттың 100%-ы, яғни 4,8 млн-ға жуық дерек цифрландырылды.

Сондай-ақ оқыңыз: