Мұнай 3% арзандады

Бүгін әлемдік нарықта мұнай 3 пайызға арзандады. Бағаның түсуіне Иран мен Қатар келіссөзі себеп. Сарапшылар диалогтың 3 күнге жалғасуын үлкен жетістікке балап отыр. Бұл арада Brent маркалы мұнайдың бағасы 3,7 долларға түсіп,  шамамен 109 долларға сатылды. Америкалық WTI фючерсінің құны 3,43 долларға төмендеп, бір баррелі шамамен 100 долларға саудаланды. Өткен аптада қара алтынның бағасы 117 доллардан асып, кейінгі 6 айда рекордтық деңгейге жеткен еді. Десе де АҚШ-тағы аралық сайлаудан соң, Құрама Штаттар Иранға жаңа күшпен соққы жасайды деген қауіп те бар. Сарапшылар: «Бұл сценарий орындалса, мұнай 120 долларға дейін қымбаттайды» деп топшылайды.

Сондай-ақ оқыңыз: