Келіссөз. «Жарымжан» жарнамалар

Қала көшелерінде ілінген жарнамалардың мемлекеттік тілдегі мәтіні әлі күнге дейін көңіл көншітпейді. Сынға ілінген талай суреттер жарияланса да көш түзелмей отыр.

Бүгінде анық көрінетін тілдік олқылықтар қаланың ажарын кетіруде. Бұған айта-айта жауыр болған жарнамалар ғана емес, көше атауларындағы қате де қосылған. Қазақ тіліндегі мұндай жазулар тек тіл мамандарын ғана емес, баршаны алаңдататыны рас. Қатаң жаза қолданса дейді олар.

Бағдарлама қонақтары Солтүстік Қазақстан облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Кемел Оспанов және ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, журналист Сайлау Байбосынмен тіл мәселесіне қатысты түйткілдерді бірге тарқатамыз.