Келіссөз. Мамандық таңдау – маңызды іс

21career.ru

Қандай маман иесі атанғыңыз келеді? Кімнен кеңес сұрайсыз? Мектеп оқушылары қандай мамандықты таңдамақ? Сауалнама не дейді?

Биыл еліміз бойынша 121 мың түлек мектеп бітіреді екен. ҰБТ-ға қызу дайындық үстінде жүрген олар үшін бүгінгі маңызды сұрақ мамандық таңдау болмақ. Бірі өзі қалаған маман болуды таңдаса, екіншісі мемлекет есебінен бөлінетін грантқа қарай икемделетіні де жасырын емес. Кейбірі жарнамасы жер жарған мамандық иелері атанғысы келеді. Ең өкініштісі ол келешекте олардың дәл сол мамандық бойынша жұмыс істеуіне кепіл болмай жатады. Жалпы елімізде мектеп оқушыларына мамандық таңдауға бағыт беретін жүйе бар ма? Бұл мәселе қалай шешіліп отыр?

Бағдарлама қонақтары мамандыққа кәсіби бағдарлау кеңесшісі Гүлмира Күлшарбекова және ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім ақпараттық департаменті басқарма басшысы Бағым Көптілеуовамен осы тақырыпты талқыға салмақпыз.