Қазақстанда жасалған. Кілем тоқу өндірісі

Ежелде адамдар баспаналарын кілеммен безендіретін. Бас кезінде оны жылдың суық мезгілінде үйдің жылулығын сақтау үшін пайдаланған. Бертін келе кілем үй иесінің мәртебесі мен ауқаттылығының көрсеткіші болды.

Қазақ халқында кілем тоқу – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер.

Қазіргі кезде кілемдер үйіміздің немесе кеңсеміздің негізгі сәндік бұйымына айналған. Заманауи технологиялар кілемдерді ылғалға төзімді, тозбайтын және әдемі етіп жасауға мүмкіндік береді.