Елбасы жолдауында көрсетілген бастамалардың маңызы зор – сарапшы

Жаңа сын-қатерлер отандық экономиканың дамуына жаңа мүмкіндіктер туғызады.

«Сол себепті Елбасының жолдауында көрсетілген бастамалардың маңызы зор», - дейді экономист Шахарбану Жақыпова.

Шахарбану Жақыпова, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Қазақстан Президентінің жолдауында өнімділікті арттыру, адами капиталды жақсарту секілді маңызды мәселелерге ден қойылды. Бүгінде жаһан индустрияландырудың жаңа дәуіріне аяқ басқалы тұр. Біз де заманмен қатар жүруіміз керек. Сондықтан шикізат пен металдардың бағасы түскен сындарлы сәтте шикізаттық емес секторлардың өнімділігін арттырып, экспорттық әлеуетімізді дамыту бұл өзекті мәселе.