«Қазақфильм» киностудиясының ұжымы Елбасы Жолдауына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды
«Қазақфильм» киностудиясының ұжымы Президент Жолдауы мен конституциялық реформаға қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.
«Өкілеттілігі артса, Үкімет пен Парламент бірқатар салада тәуелсіз шешімдер қабылдай алады. Ал конституциялық реформадағы өзгерістер әлемдік тәжірибеде бар. Сондықтан берері де көп болмақ», - дейді өнер иелері.
Динара Масақова, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бөлім редакторы:
- Талқылау барысында киностудия ұжымы Конституцияға енгізілген толықтыруларды қабылдап, Елбасының жаңа реформасы еліміздің қарыштап, дамуына өз үлесін қосады деген баға берді.