Мораторий кезінде салықтан жалтарғысы келетін кәсіпкер көбейген

Мораторий кезінде салықтан жалтарғысы келетін кәсіпкер көбейген

3 жылдық мараторий кезінде салықтан жалтарғысы келетін кәсіпкер көбейген. Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осылай деді.

Жеңілдік жасау бастамасы кассалық тәртіпті төмендеткен.

Министрдің мәлімдеуінше, былтыр «Азаматтық бақылау - чекті талап ет» акциясы аясында заң бұзушылықтар туралы 16 мың хабарлама түскен. Осы орайда мораторий туралы жарлыққа түзетулер енгізуді ұсынып отыр. Яғни тұтынушыдан шағым түскен субъектілер мен заңға бағынбайтын кәсіпкерлерге нақты шара болуы тиіс.