424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кәсіподақ өкілдері: Жалақыны жыл сайын инфляцияға сай өсіру керек

  • 358
  • UPD: 21:46, 27.04.2021
Кәсіподақ өкілдері: Жалақыны жыл сайын инфляцияға сай өсіру керек

Еңбекақыны жыл сайын міндетті түрде индексациялау керек.

Яғни айлықты инфляция деңгейіне қарай қайта санап, көбейтіп отыру қажет. Еліміздің Кәсіподақтар федерациясы осылай дейді. Федерация төрағасы Сатыпалды Дәулеталинның айтуынша, мыңнан астам ұжымдық шартта бұл мәселе қарастырылған. Бірақ шын мәнінде іске аспайды. Сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында, Кәсіподақтар федерациясы төменгі жалақы мөлшерін орташа жалақының 50% дейін жеткізу мәселесін көтерді. Ол үшін өткен айда арнайы жұмыс тобы құрылған. Олар ең төменгі еңбекақыны жүйелі түрде көтеру жолдарын қарастырады.

Еске салайық, қазір елде ең төменгі жалақы мөлшері – 42500 теңге.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

– Индексация дегеніміз, инфляцияға байланысты жалақы мөлшерін қайта есептеу. Мысалы, инфляция 2020 жылы 7% жетті деп жатырмыз. Сол инфляцияның мөлшерінде еңбекақыны міндетті түрде көтеру керек. Ол әлі ұжымдық шарттар арқылы не болмаса салалық келісімдер арқылы реттеледі деп жазылған. Бірақ ол жүзеге аспай жатыр деп ашық айтуға болады. Біздің ойымызша, ол мәселені міндетті түрде еңбек кодексінде бекіту керек.

Хабар 24 телеарнасы