Әлемде ерлер еңбекақысы әйелдердікінен 16%-ке көп

Әлемде ерлер еңбекақысы әйелдердікінен 16%-ке көп

Әлем бойынша орташа алғанда әйелдер 11 мың доллар ал ерлердың табысы 21 мың доллар деп есептелген.

Халықаралық еңбек ұйымының дерегінше, еңбекақы төлеудегі жаһандық гендерлік алшақтық шамамен 16%, ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ақпаратына сай 13%-ті құрайды. Бұл проблема Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде де бар.

Евгений Винокуров, ЕАДБ және ЕТДҚ бас экономисі:

- Халықаралық еңбек ұйымының деректері бойынша еңбекақы төлеудегі алшақтық шамамен 16%-ті құрайды. Бұл дегеніміз, әлемде бірдей жұмыс істесе де ер адамдар әйелдерге қарағанда 16% - ке көп алады. ЕАЭО елдерінде де бұл проблема бар. Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік теңсіздік бойынша соңғы баяндамасына мынадай статистика келтіріледі. ЕАЭО елдері арасында гендерлік теңсіздіктің жалпы деңгейі бойынша Беларусь көш бастап тұр. Ол жаһандық рейтингте 33-орында. Одаққа мүше қалған мемлекеттер едәуір артта қалып отыр. Қазақстан 80-орын, Ресей 81-орын. Қырғызстан 108-орын, Армения 114-орында.