Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы ұлғаяды

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы ұлғаяды

Бүгін қос мемлекеттің өкілдері қатысқан жұмыс тобында осындай шешім қабылданды.

Тараптар  «Қарасу» және «Ақ тілек» автожол өткізу бекеттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешен жобасын іске асыру жөнінде уағдаласты. Сондай-ақ екі елдің уәкілетті органдары арасында жалған сәйкестікті растау туралы құжаттарды берудің және таратудың жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі қорытынды хаттамаға қол қойды. Бұл құжаттар бойынша жедел ақпарат алмасу және олардың күшін жою туралы келісімдер жасалды.