Бизнес бастағысы келетін әйелдің көбі сәтсіздіктен жүрексінеді

Іс бастаймыз деген әйелдердің көбі бизнестегі сәтсіздіктен қорқады.

Қазақстанның ауыл әйелдері форумдарын ұйымдастыру комитетінің басшысы Майра Айсина осылай дейді. Зерттеу көрсеткендей, сауалнамаға қатысқандардың 31 проценті шағын бизнеспен айналысады, 11 проценті өз ісін алдағы 3 жылда, ал 20-дан астам проценті болашақта ашуға ниетті. Биыл наурыз айында "Белестер" жобасының 10-маусымы басталады. Екі бағыт бойынша онлайн оқыту курстары өтеді. Олар "Жаңадан бастаушыларға арналған бизнес негіздері" және "Жеке қосалқы шаруашылықтар". Сондай-ақ әйелдер арасындағы үздік бизнес-идеялар байқауына өтінімдер қабылданады. Байқау жеңімпаздарына 4 мың доллардан 20 грант ұсынылады.

Майра Айсина, Қазақстанның ауыл әйелдері форумдарын ұйымдастыру комитетінің басшысы:

- Қаражатқа қолжетімділігі жоқ. Екінші бөлігі жүрексінеді. Ол ақшаны алғанменен, мен оны жарата алам ба? Істей алам ба, істей алмаймын ба, бала-шаға, үй іші бар дегендей. Алаңдайды. Және үшінші бөлігі іс бастаймыз деген әйелдердің білімдері жетіспейді. Ақпарат онша көп емес. Сондықтан ол жағынан да жүрексінеді. Тағы да көбі мынау құжат көп жасау керек. Салығы бар, тексеру деген бар. Содан тартынады.