22 ақпанда өтетін Үкімет отырысында қандай мәселелер қаралады

22 ақпанда өтетін Үкімет отырысында қандай мәселелер қаралады

22 ақпанда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде: Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай; Орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы; Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру. Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильиннің, экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешевтің, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ. Өскенбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. БАҚ өкілдерін аккредитациялау 21 ақпан күнгі сағат 16:00-ге дейін жалғасады. Хатқа жеке куәлікті тіркеу қажет.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.