Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері 105 мың теңге – Министрлік

Қазақстандықтардың орташа зейнетақысы 105 мың теңгеге тең. Бұл туралы еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.

Ведомство жариялаған ақпаратқа сүйенсек, жыл басынан бері отандастарымыз 234 миллиард теңге алды. Қорға 10 жылдан аз уақыт төлем жасағандардың зейнетақысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 процентін құрайды. Жүйеде 20 жыл бойы жүргендерге 74 процент тиесілі. 30 жыл бойы төлегендер күнкөріс құнының 94 процентін алады. Ал 33 жылдық жинағы барлар 100 проценттік базалық зейнетақыға қол жеткізіп отыр. Яғни төлемдерді неғұрлым көп әрі тұрақты жасағандардың зейнетақысы соғұрлым көп болады.

Айта кетерлігі, қазір елде зейнеткерлер саны 2 жарым миллионға жуықтап қалды.