Елімізде тоғыз мыңнан астам жас кәсіпкер грант алды

Жастар корпусын дамыту жобасы аясында өз бастамасын дамытуға 9 мыңнан астам адамға грант берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы 3 мың жобаны жүзеге асыру үшін 7 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Жастар спорт клубтарын, тігін цехтарын, аяқ киім салондарын, нан-тоқаш өнімдерінің шағын өндірістерін ашқан. Жоба 4 жыл бұрын бастау алған. Осы уақыт ішінде қатысушылар бизнес-тренерлерден сабақ алды. Стратегиялық құжаттарды дұрыс зерттеуге, әзірлеуге бағытталған 6 тапсырма орындалды.

Гүлмира Ескендірова, жобаны басқару жөніндегі топтың үйлестірушісі:

– Ең бастысы әлеуметтік осал топтағы жастарға берілген басымдылық. Жастар өз идеяларын конкурстық комиссияға берген.Содан үш кезеңдік іріктеуден өтіп, жастар идеяларын жүзеге асырды. Бір миллион теңгеге дейін грант алды. Топ болып жұмыс істеп, әр мүшесі 40-60 теңгедей стипендия алып отырды 6 ай бойы жобаны жүзеге асырған кезде. Өздерінің дағдыларын жоғарлатып, жаңа нәрселер үйренді.