Отандық компаниялар Иранға 162 млн доллардың өнімін жеткізуге дайын

Еліміз металлургия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, химия, фармацевтика салалары мен құрылыс материалдарын жеткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қазақстан – Иран үкіметаралық комиссиясының 17 отырысында айтылды. Ал Тегеран Қазақстанға ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарларын жөнелтуге ниетті. Қазір Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Иран арасында еркін сауда туралы келіссөз жүргізілуде. Тиісті келісім кедендік баждарды төмендетіп, тауар номенклатурасының 80 процентін алып тастауды көздейді. Егер жоспар іске асса, елдер арасындағы алыс-беріс арта түседі. Сонымен қатар Ирандық IMIDRO холдингі Қарағанды облысындағы Борлы мыс-молибден кен орнын барлауға және игеруге инвестиция салады. Қазір  5 мың тонна катодты мыс өндіруге қуаты жететін гидрометаллургия зауытының құрылысы басталды.