Сарапшы: Ресейді SWIFT жүйесінен ажырату өзара сауданы баяулатуы мүмкін

Егер Ресей «Свифт» жүйесінен толығымен ажыратылса, Қазақстанмен арадағы сауда-саттыққа әсер етпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ресейлік серіктестердің төлем операцияларын жүргізе алмауына әкеп соғады. Нәтижесінде біздің елімізде Ресейлік тауарлар азаяды. Бұл пікірді сарапшы Андрей Чеботарев айтты. Ол мұндай жағдайда екі ел арасындағы келісімдердің 40%-ке жуығы бұзылуы мүмкін екенін айтты.

Андрей Чеботарев EXANTE халықаралық инвестициялық компаниясының талдаушысы:

– Біріншіден, Ресеймен экспорт немесе импорты бар біздің кәсіпкерлерге серіктестер жақын арада төлем жасай алмай қалу қаупі бар. «Свифтті» қолданып ақша аударғысы келетін мемлекетке ол жол мүлдем жабылуы мүмкін. Сонымен қатар 2019 жылдан бері есептесек, 40 процентке жуық келімсімшарт бұзылу алдында тұр.