Елде инфляциялық өсім жылдамдап барады

Елде инфляциялық өсім жылдамдап барады
Иллюстративті фото / 24.kz

Ақпанда инфляция 0,8% болды. Елде инфляциялық өсім жылдамдап барады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда жылдық өсім 8,7 процентке жетті. Бір ғана ақпанда инфляция  0,8 процент болды. Оның ішінде азық-түлік тауарлары бір проценттен астам қымбаттаған. Әсіресе ұн, картоп, көкөністің бағасы көтерілді. Осылайша азық-түлік тауарының инфляциясы 10 проценттен асып кетті. Азық-түлік емес тауарларда да қымбатшылық байқалады. Әсіресе тұрмыстық заттар қолжетімсіз болып барады. Автомобиль, дәрі-дәрмек құны да көтерілді. Сондай-ақ елде әуе билеттерінің бағасы 7 процентке өскен. Статистикалық мәліметке қарағанда тек коммуналдық тарифтер сәл төмендеген.