Геосаясаттан KASE индексі төмендеді

Геосаясаттан KASE индексі төмендеді

Қазақстан қор биржасының ақпандағы жалпы сауда көлемі 18,1 триллион теңге болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл көрсеткіш қаңтар айымен салыстырғанда 8 процентке немесе 1,6 триллион теңгеге аз. KASE-нің индекс динамикасы өткен бір айда үш кезеңді өткерді, Яғни қаңтардың соңында оң көрсеткішке жеткенімен, 22 ақпан қорытындысы бойынша қызыл аймаққа өтті. «Бұл өңірдегі геосаяси жағдайға тікелей байланысты», – дейді Қазақстан қор биржасы басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская.

Наталья Хорошевская, Қазақстан қор биржасы басқарма төрағасының орынбасары:

– Соңғы жаңалықтар сыртқы және ішкі нарыққа, сондай-ақ Қазақстанның құнды қағаздарына да әсер етті. Жасыратыны жоқ Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыс өте тығыз. Сыртқы нарықта кейбір кездері екі елді бір аймақ ретінде қабылдайды. Сондықтан алғашқы соққы қосарлы листинг жасалған, яғни Қазақстан және Лондон қор биржасында саудаланатын құнды қағаздара тиіп отыр.