Ауыл шаруалығын субсидиялау жүйесін реформалау келесі жылға шегерілді

Ауыл шаруалығын субсидиялау жүйесін реформалау келесі жылға шегерілді

Ауыл шаруалығын субсидиялау жүйесін реформалау келесі жылдың қаңтарына дейін шегерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау қолданыстағы субсидиялау қағидасына сай жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында осы мәселеге де тоқталды. Қазір саланы қаржыландырудың қосымша тетіктері қарастырылып жатыр. Өйткені биыл егістік науқанына қажет барлық материалдық-техникалық ресурс қымбаттап кетті. Оның үстіне былтырғы қарыздарды өтеу міндеті тұр. Ал жаңа жүйеге сай субсидия үлесі азайтылып, жеңіл несие беріле бастайды. Бірақ оны жетілдіру қоғаммен талқылау әлі де жалғасады.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Субсидиялау жүйесін реформалауға жергілікті атқарушы органдар да атсалысып, нормативтерді бекіту жұмыстарын жандандыру керек. Субсидиялауға бөлінген қаражаттың толық игерілуін қамтамасыз етуі қажет. Министрлік өз тарапынан фермерлер қауымымен бірлесіп агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау тәсілдемелерін қайта қарау жұмысын жалғастырады, сондай-ақ мемлекеттік субсидиялаудың жаңа бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу жұмысын жеделдетеді. Қазір ол Ақмола облысында тестілеуден өтуде. Оны екінші жартыжылдықтан бастап енгізуді жоспарлап отырмыз.