Доллар 10 теңгеге арзандады

Доллар 10 теңгеге арзандады

АҚШ валютасының теңгеге шаққандағы құны бүгін тағы 9,93 теңге төмендегені жайлы қазақстандық қор биржасы хабарлады.

Күндізгі сауда-саттық нәтижесінде доллардың орташа құны 495,43 теңге шамасында тұрақтады. Алайда таңғы сессия барысында 1 доллар 501,49 теңгені көрсеткен болатын. Қазір Алматыдағы валюта айырбастау бекеттерінде доллар 496,43 теңгеден сатылып жатыр, ал сатып алу бағасы 491 теңгеден сәл асады. Елордада доллар курсы орта есеппен 496 теңгеге сатылып, 490,50 теңгеден сатып алынып жатыр.