Үкіметте қазақ-қырғыз қарым-қатынасы пысықталды

Үкіметте қазақ-қырғыз қарым-қатынасы пысықталды

Қазақстан мен Қырғызстан өзара тауар айналымын 2 миллиард долларға жеткізуге ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Қырғыз елінің Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесуінде айтты. Қазір өзара сауданы 190 тауар позициясы бойынша ұлғайтуға мүмкіндік бар. Үкімет басшысы «Қарасу-Ақтілек» өткізу бекеті маңында индустриялық сауда-логистикалық кешендер құру жобасын іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Дастан Дюшекеев Қырғызстан Қазақстаннан тікелей инвестиция тартуға мүдделі екенін жеткізіп, бауырлас елдердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірлескен саясат әзірлеуді ұсынды.