М.Әшімбаев: Банктер экономиканың дамуына атсалыспайды   

М.Әшімбаев: Банктер экономиканың дамуына атсалыспайды   

Елдегі банктер жеке тұлғаларға ғана несие берумен шектеліп жатыр. Ал экономиканың дамуына септігін тигізетін секторларға мүлдем ақша бөлмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осыны айтты. Банктердің осындай құлықсыздығынан экономиканы әртараптандыру мүмкін болмай тұр. Ірі кәсіпорындар жұмысын жандандыру үшін шеттен қарыз алуға мәжбүр. «Егер отандық банктер оларға тиімді шарттармен несие ұсынса, мұндай болмас еді», – деді жоғары палата спикері.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Соңғы жылдары жеке тұлғаларға несие беру көлемі 40 процентке көбейгенін көріп отырмыз. Банктер экономиканың негізгі секторына ақша бөлгісі келмейді. Оларға тынушылық несие таратқан ыңғайлы. Осының кесірінен ел экономикасын әртараптандырып, отандық өндірісті дамыту мүмкін болмай тұр.