Қаржылық сауаты бар адам ұтылмайды

Қазір қаржылық сауаты бар адам ұтылмайды. Сондықтан несие түрлері, бағалы қағаздар нарығы жайында хабарың болғаны маңызды. Енді қаржыңды үнемдеп, оны тиімді көбейту жолдарын білу оңайлай түсті. Ол үшін ұялы телефоныңызға «Жусан» қосымшасын жүктесеңіз жеткілікті. Бүгінде банк жан-жақты дамып, бірегей ұстанымдарына берік келеді.

Енді "Астана" халықаралық қаржы орталығының өз символы бар. Биіктігі екі, ұзындығы 5 метр, жарты тонналық бұл нышанды Жусан банкі қалаға тарту етті. Арт өнерінің туындысын жасауға 100-ден аса автокөлік пен велосипед дөңгелегі қолданылған. Бұл материал кездейсоқ таңдалған жоқ. Компания ESG, яғни экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару үлгісін белсенді игеруде.

Максим Кабанов, Jusan Invest Басқармасының төрағасы:

- ESG біздің ғаламшарымыздың болашағы. Алғашқы қадам ретінде біз «Жусан Груп» айналасында ішкі өндірісте қағаздан бас тартып, электронды құжат айналымына көшіп жатырмыз. Қайта өңдеуге келмейтін өнімдерді жаратудың түрлі жолдарын қарастырамыз.

Тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, инвестициялауды үйренудің барлық құралын «Жусан» банкі кеңінен ұсынып отыр. Әсіресе осы машықты мектеп жасындағы балалардың игеруіне ден қойған. 

Максим Кабанов, Jusan Invest Басқармасының төрағасы:

- Қазақстан болашағы, яғни жастар қаржы жөніндегі білімге қанық болсын деп арнайы қосымша әзірледік. Біз тегін Жусан академиясын жасадық. Онда кез келген қарапайым адам несие, сақтандыру өнімдері, инвестициялар жайлы біле алады. Бағалы қағаздар нарығының не екенін, онда капиталды қалай көбейтуге болатынын түсінеді.

Әрине бұл қызметтің барлығын әлемнің кез келген жерінен қолдануға болады. Бар-жоғы қолдағы телефоныңызға «Жусан» қосымшасын жүктесеңіз болғаны. Ол үшін бірнеше батырманы басу ғана жеткілікті. 

Рухани Асқар, Андрей Деменок, Асхат Қарақойшиев