Петропавлда көмір саудасы қызды

Қыстың қамын жаз ойлағандар қазір жаппай көмір сату орындарына ағылып жатыр. Өздеріңіз көріп тұрғандай, ұзын-сонар кезек қалыптасқан. Кезегін 5-6 сағаттап тосып тұрған жүргізушілер де бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаз шанасын, қыс арбасын сайлайтындар таң сәріден теміржол тұйықтарына жиналады. Олардың қатарында облыс орталығына ауылдан арнайы келгендер де  бар.   

Игілік Баймұратов, Астраханка ауылының тұрғыны:

- Біз мынау Астраханка деген ауылдан келдік. Көмір бар. Бар екенін біліп келдік. Әп-әдемі артып алдық. Енді мынау весовойдан өте алмай тұрмыз. Өтйкені осында істейтін жігіттер кезексіз өтіп жатыр. Ананың үстінде көріп тұрсыздар, үш ряд болып бір весаға кіріп жатыр.

Бүгінде қалада қатты отын сататын үш арнайы орын бар. Қазір әсіресе Шұбаркөл көміріне сұраныс артқан. Сондықтан күніне 150-200 көлікке дейін сатылады екен.

Бақытжан Тұрмұханбетов, теміржол тұйығының басшысы:

- Он вагоннан тұрақты түрде келіп тұр. Бүгін бес вагон келді. Қалғандары жолда, 19 вагон келеді деп жатыр. Елдер осы ертерек алып жатыр. Ол да бізге жақсы. Былтырлары жаздың күндері мұндай болған жоқ. Қыстың күні кішкене ажиотаж болмайды шығар деп ойлаймыз енді.

Әзірге көмір бағасы тұрақты. Бірақ күзде қымбаттауы мүмкін.

Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Мына Шұбаркөл көмірі қала тұрғындары арасында ең сұранысқа ие көмірлердің бірі. Бағасы әзірге көтірлегн жоқ. бірақ күзгі уақытта бағасы өсуі мүмкін. Сондықтан да қысқы маусымға дайындықты қазірден бастауға қала тұрғындарын шақырамыз.

Бүгінгі күні шаһарда 14 мыңнан астам үй  пеш жағады.  Оларға - 70, ал облыс халқына шамамен 420 мың тонна көмір қажет.   

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов