Қазақстаннан 440 млрд теңге сыртқа заңсыз шығарылып кеткен

Қазақстаннан 440 млрд теңге сыртқа заңсыз шығарылып кеткен

Қазақстанда 50-ден астам адам 440 млрд теңгені елден заңсыз шығаруға қатысты күдікке ілігіп, қылмыстық іс қозғалды.

Одан өзге тағы 271 млрд теңгені аудару бойынша банк операциялары тексеріліп жатыр. Ел үкіметінің баспасөз қызметі шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару жөніндегі жұмыстардың нәтижесін жариялады. Бұл іспен елімізде ақпан айынан бері арнайы комиссия айналысуда. Кейінгі 3 жылда елден шығарылған қаржы жөнінде ақпарат жиналды. Бірнеше салық тексеруі жүргізілді. Бұл мәліметтің барлығы қаржы мониторингі агенттігіне берілді.