Құс жемінің қымбаттауы қалтаға салмақ салды

Құс жемі қымбаттап кетті. Бұл осы саладағы кәсіпкерлердің қалтасына салмақ болып тұр.

Мұндай ақпаратты ІХ халықаралық құс өсірушілер форумында Қазақстан құс өсірушілері одағының президенті Руслан Шәріпов айтты.

Айтуынша, бұл салада жабдықтардың барлығы елімізге шетелден тасымалданады. Керек-жарақты алуға валютаның жоғары құны өз әсерін тигізіп отыр. Ал Ресей мен Беларусь елдері құрал- жабдықтарды өздері қамтамасыз еткеннен кейін баға бойынша бұл елдермен бәсекелесу қиынға түсіп отыр, деді.

Руслан Шәріпов, Қазақстан құс өндірушілер одағының президенті:

- Қазіргі кезде құсқа арналған жем бойынша проблема байқалып отыр. Осы орайда Ресейде, Беларусь, Армения және Қырғызстанда да біздегі сияқты мәселе бар. Құс жемінің бір тоннасы 180-190 мың теңгеге жетті. Егер құс жемі арзан болса, онда біздің өнім де нарыққа төмен бағамен шығады.