Еуропалық Орталық банк инфляциямен күресті жалғастыруда

Еуропалық Орталық банк инфляциямен күресті жалғастыруда

Еуропалық Орталық банк соңғы 11 жылда алғаш рет базалық пайыздық мөлшерлемені 0-ден 0,5 пайызға көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар мұны тарихи шешім деп бағалады. Осылайша банк еуроаймақтағы 8 пайыздан асып кеткен рекордты инфляцияны тежеуге қадам жасады. Бұл өзгеріске Украинадағы соғыстан туындаған дағдарыс себеп болған. Сондай-ақ Еуропа экономикасына Италия үкіметіндегі шиеленіс те кері әсер етіп отыр.