Биыл 622 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды

Жыл басынан бері 622 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек берілді. Бұған бюджеттен 83,8 млрд теңге бөлінген.

Бұдан өзге атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетігі іске асырылмақ. Яғни табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын әлеуметтік топтамамен қамту жұмыстары да жүргізілді. Онда  1-ден 6 жасқа дейінгі 169 мың 500 балаға азық-түлік және тұрмыстық зат жиынтығы берілді.

Айта кетейік, қазір қазақстандықтар атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына, сондай-ақ egov.kz порталы арқылы бере алады.